Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеп.

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті
фото: видеодан скриншот

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген.

"12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпішпен тісіме тиіп кетті", - дейді ол. 

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған.

"Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін", - деді әйел.

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған.

"Әр әйел бақытты болуға лайық", "Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады", - деп жазған олар.