Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Астанада үй көмекшісі пәтер иесін тонап кеткен

Астана қаласының Нұра аудандық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы әйелді анықтады.


Астанада үй көмекшісі пәтер иесін тонап кеткен
Фото: istockphoto.com

Тергеу нәтижесінде күдіктінің жәбірленуші үйінде көмекші болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол алты ай бойы аптасына екі рет жұмысқа келіп, үй иесінің сеніміне кіре отырып, тұрғын үйге еркін қол жеткізген.

Осы уақыт ішінде бірнеше рет бағалы зергерлік бұйымдарды ұрлап, оларды ломбардтарға өткізіп отырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгені құраған. Ұрланған заттардың арасында әйгілі Tiffany брендіне тиесілі сырғалар мен Casato брендінің гауһар тасты сақинасы болғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.

Құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жалданатын қызметкерлердің өмірбаяны мен ұсынымдарын мұқият тексеруге кеңес береді.