Жаңа жыл қарсаңында Алматының «Алтын орда» базары маңындағы адам өтетін көпірдің кептелісі видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Желі қолданушылары 31-желтоқсаннан кейін де өмір бар екенін айтып, ашуға салынған. Видеоның астына пікір қалдырған оқырмандар жаңа жылда жаппай базар аралайтын адамдар туралы мысқылдап, пікір жазған.
«Кеше сүт алуға дүкенге барсам, адамдар арбаларына азық-түлік толтырып алыпты. Неге ысырап жасайды? Жегің келсе, жаңа жылды күтпей-ақ жей бер. Көпірді құлатып кетпеңдер, ол бізге керек. Таңертең ерте барып келгеніміз жақсы болған. Мына жерде ине шаншар жер жоқ қой... Ақша жоқ деп алып, артынан жаңа жылды тойлайтын халықпыз», - деп жазған олар.