Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қала әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді

Шымкентте қала тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін өте маңызды жобалалар жүзеге асырылуда. Жалпы инженерлік инфрақұрылым — бұл қаланың әлеуметтік-экономикалық кешенін қамтамасыз ету үшін қажетті көлік, су шаруашылығы, энергетикалық және басқа да коммуникациялар мен мекемелердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан, қала әкімдігі мен осы салаларға жауапты мемлекеттік органдар осы бағытта бірқатар жұмыстарды атқаруда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қала әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді
Фото: pixabay.com

Жақында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өңірде қолға алынып жатқан маңызды жоблалардың бірқатарын аралап көріп, онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қала басшысы алдымен Назарбаев даңғылында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмысын көрді. Сондай-ақ, «BI group» компаниясының өкілдерімен бірге сакура көшеттерін отырғызды. Алдағы уақытта аумағы 3000 шаршы метрден асатын бұл шағын аллеяда көгал төсеу және шынар ағашы секілді бірқатар ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. 

Мұнан кейін қала әкімі күрделі жөндеуден өткен қалалық прокуратура мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ғимаратын қарап шықты. Жаңартылған нысандарда барлық жағдай жасалған. Олардың материалдық-техникалық жабдықталуы қазіргі заман талабы мен стандартқа толық сай келеді. Әрі қарай Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаровпен бірге «Бозарық-3» шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің көгілдір отынға қосылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, желтоқсан айында мұнда ауыз су мен сапалы электр энергиясын жүргізу жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр. Шағынауданды газдандыру – бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы тағы бір маңызды қадам және Шымкент қаласы тұрғындарын табиғи газбен қамтуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін «Қайнарбұлақ-2», «Қайтпас-1», «Ынтымақ», «Тассай» және «Еламан» шағынаудандарының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Қала әкімі тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасының қатысушылары болып табылатын Әлімқұлов көшесіндегі №34 үйдің тұрғындарымен кездесті. Өздеріңізге белгілі, бұл бағдарламаға жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған және апатты деп танылған үйлер енгізілген. Келесі аптада осы үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіп, көптен күткен қоныс тойын тойлайтын болады.

Сонымен қатар, қала басшысы «Металлург» спорт кешенінің қазіргі жағдайымен және «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының қызметімен танысты. Орталық басшылығына ішкі туризмді дамыту және Шымкенттің туристік нысандарын насихаттау жұмысын күшейтуді тапсырды. Жаяу аралау кезінде көше жарықтандыру жүйесін, қоғамдық орын мен аулалардың тазалығын, Абай, Асқаров, Түркістан көшелері, Республика даңғылы, Арбат, Әл-Фараби алаңы және «Спутник» гүлзарының санитарлық жағдайын тексерді.

Жалпы қалада тұрғындарды сапалы электр энергиясымен, «көгілдір отынмен», ауыз сумен қамтамасыз ету, үзілістерді болдырмау — мегаполистің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әрі қарай дамыту үшін стратегиялық маңызы бар мәселелер болып табылады. Өңірде инженерлік жүйелер жыл сайын жақсартылып келеді. Осы жылдың өзінде мұнда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Айталық, су жүйесін жақсарту мақсатында Сайрам және Курсай елді мекендерінде 60 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынды. Жаңа құрылыс алаңдарын дамыту бойынша 4 елді мекенде жаңа құрылыс алаңдары пайда болды, ал Асар-2 мөлтек ауданында 6 мыңнан астам тұрғынды қамтитын жаңа микроаудан іске қосылды. Электр қуатын арттыру бағытында  Асар-2, Сайрам, Курсай, Бозарык аймақтарында электр қуатын арттыру үшін екі жаңа электр стансасының құрылысы бастау алды. Қаладағы өндірістік қуаттар мен халық санының өсуіне байланысты, бұл электр стансалары мегаполистің энергия қажеттіліктерін толық қанағаттандыруды мақсат етеді.

Сонымен қатар, канализация жүйесін кеңейту мақсатында қазір 2 магистральды кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде (Тураннан КОС-қа дейінгі магистральді коллектор және Шымсити кәріз коллекторы), одан бөлек 6 қосымша объекті (Мирас-Шапагат-2, Нуртас, Туран, Айкап, Кайтпас-1, Солтүстік-Батыс) салынуда. Бұл жобалар толықтай аяқталғанда 120 мыңнан астам адамның тұрғылықты жері канализация жүйесіне қосылатын болады.

Реті келгенде Шымкенттің демографиялық өсуін және өндірістік алаңдардың кеңеюін ескере отырып, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту бағытында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысына тоқтала кетсек. 6 жаңа су қоймасы мен 7 жаңа электр станциясы, 1 АГРС (автогаз реттегіш станциясы),  1 жаңадан су тазарту ғимараты салынбақ. Бұл жобалар қаладағы инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттырып, тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Әрине, шаһар тұрғындары үшін жайлылықпен қатар қауіпсіздік те маңызды. Қазіргі таңда жалпы қылмыстардың саны 12,4 пайызға азайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биылғы жылы қосымша 1 425 бейнебақылау камерасы орнатылады. 

Қала қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтандыру да маңызды. Тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелердің бірі осы. Биылғы жылдан бастап көшені жарықтандыру жұмыстарын он есеге ұлғайтып, 1 528 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде (940 көшеге жарықшам орнатылды). Сонымен қатар, биыл қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында жаңадан 2 полиция бөлімшесі және 6 мобильді стационарлық полиция пункті іске қосылады. Одан бөлек, бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Полиция департаментіне лизинг арқылы 120 көлік құралдары алынды.