Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағанды облысында 15 наурыздан бастап карантин күшейтіледі

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы қазір қауіптілік деңгейі "сары" жолақты өңірлер қатарында тұр.

Қарағанды облысында 15 наурыздан бастап карантин күшейтіледі
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында наурыздың 15-інен бастап карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Енді "Ашық" пилоттық жобасы енгізілмеген барлық ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салынбақ. 

Сондай-ақ осыдан бір апта бұрын ғана рұқсат берілген ас беру, еске алу шаралары қайта тоқтайды. Ал екінші деңгейдегі банктер мен ХҚКО жұмысы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ғана жалғасады. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшылары қажеттілікті ескере отырып, жұмысшылардың тең жартысын қашықтан жұмыс істеуге аударуы тиіс. Сондай-ақ мешіттер мен діни орындарда ұжымдық шараларға рұқсат жоқ. Өткен тәулікте облыс бойынша 74 тұрғыннан коронавирус анықталды.

Тағы оқи отырыңыз: Коронавирус: Қазақстан "сары" аймаққа қайта оралды

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы қазір қауіптілік деңгейі "сары" жолақты өңірлер қатарында тұр.

"Қазір бизнес өкілдері жаңа технологияларды пайдаланып, кедергісіз жұмыс істей алады. Атап айтқанда, "Ашық" пилоттық жобасына қосылған бизнес нысандары егер өңірде "сары" деңгейге енсе, "жасыл" деңгейдегі талаптар бойынша жұмыс істейді. Ал "қызыл" деңгейге енсе, "сары" деңгейдің талаптарымен жұмыс істейтін болады", - деді облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин.