Подполковник Айжан Аймағанова Шерзат Полаттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ол Талғардағы оқиғаға байланысты халықтан көптеген сұрақтар түсіп жатқанын айтты.
«Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегіме батады, бірақ бәрі заңға сәйкес болады. Біз бір қағиданы түсінуіміз керек: әрбіріміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару ол - міндет. Алматы облысындағы әріптестерім өз жұмысын адал атқарып жатқанына сенімдімін», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.