Бүгін қаланы аралау барысында Ғ. Сыздықбеков Абай ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін жаңа аспалы көпірдің ашылуына қатысты., деп хабарлайды Paryz.kz.
Халықпен көшпелі кездесу кезінде Игілік тұрғын алабының азаматтары жаяу жүргіншілер көпірін салу туралы өтініш білдірген болатын. Көпір бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды. Қала басшысы құрылысқа бастамашы болған компания өкілдеріне қала тұрғындарына жасалған игі іс үшін алғысымды білдірді.
Сондай-ақ, бүгін Еңбекші ауданы, Елшібек батыр көшесінде және Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үйлер арасында жаңа гүлзар ашылды. Жүргізілген жұмыстармен танысу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Шаһар басшысы мердігер ұйым өкіліне анықталған олқылықтарды тез арада түзетуді тапсырды.
Бұдан бөлек, Қаратау ауданындағы Бозарық шағынауданында Ана тілі және Алмас қылыш көшелерінде балалар және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Қазіргі заманға сай балалар мен спорт алаңшаларын салу – қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Көшпелі кездесулер мен азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар қоғамдық орындар бойынша жиі ұсыныстар білдіреді. Бұл алаңшалар балалар мен ата-аналардың көңілінен шығып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімдімін, - деп жазды Ғ.Сыздықбеков өзінің Фейсбук парақшасында.
Сонымен қатар, қала басшысы аудан әкіміне келесі жылдың жұмыс жоспарына Бозарық шағынауданында Мәдениет үйінің құрылысын енгізуді тапсырды.