Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Контрафактілік өнімдерге қарсы күрес нәтижесінде 25,8 млн теңге өндірілді

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылы бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес аясында бірқатар маңызды жұмыстар атқарды, деп жазады Paryz.kz.

Контрафактілік өнімдерге қарсы күрес нәтижесінде 25,8 млн теңге өндірілді
Фото: Paryz.kz

2024 жылы Департамент «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шымкент филиалымен меморандумға қол қойып, жылдық жұмыс жоспарын бекітті. Осы жоспарға сәйкес, кәсіпкерлермен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылуда:

• Үш дөңгелек үстел өткізілді, оның ішінде екі отырыс мұнай өнімдері мен газ мәселесіне, біреуі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне арналды.
• Кәсіпкерлердің сұрақтары мен құқықтарын қорғауға бағытталған 9 жиналыс өтті.
Департаменттің кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстары бірнеше маңызды нәтижелер берді:
• Кәсіпкерлерден үш алғыс хат келіп түсті, оның ішінде:
-    Электр қуаты тарифінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін 41 теңгеден 31 теңгеге төмендетілуіне қол жеткізілді.
-    Балалар памперсін өндіруші компаниядан заңсыз тауарлар өндірісінің анықталып, қылмыстық істің сотқа жолданғаны үшін алғыс хат келді.
-    Контрафактілік тұрмыстық химия өнімдерін жасаушыларды әшкерелеу арқылы 25,8 млн теңге өндіріліп, осы жұмыстың нәтижесінде Департаментке алғыс хат түсті.

Бұл жұмыстар кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған тиімді әрекеттер мен қаладағы экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы Департаменттің белсенділігін көрсетіп отыр.