Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Таразда қалалық соттың ғимаратын жарып жібермек болған

Ұсталған азаматтың 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.

Таразда қалалық соттың ғимаратын жарып жібермек болған
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында өткен жылы құқық қорғау органдарына террористік сипаттағы қауіп-қатермен екі хабарлама келіп түсті, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1971 жылы туған ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермек болған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") тіркелді. Ұсталған азаматтың 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Тараз қаласының №2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

1983 жылы туған тағы бір ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, Тараздың шағын аудандарының бірінде үйді жарып жібермек болғанын хабарлады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тараз қаласының №2 соты оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Құқық қорғау органдарының техникалық басымдықтары көрінеу жалған жасырын хабарлама берген адамның орналасқан жерін қысқа мерзімде анықтап табуға мүмкіндік беретінін ескерген жөн. Ғимаратта немесе аймақ аумағында болмаған жарылғыш құрылғы туралы құқық қорғау органдарына хабарлай отырып, жарылғыш заттарды іздеуге және залалсыздандыруға бірден бірнеше құқық қорғау органының қызметкерлері жұмылдырылады. Оған қоса, түскен ақпаратты нақты қауіп бар жерде тексеруге үлкен күш пен қаражат жұмсалады.

Полиция жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертті.