Шымкентте психоәлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Науқастар мектебі» ашылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі - психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады.
Алғаш рет ашылған «Науқастар мектебінде» денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұсындағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кәсіби кеңестерін береді. Сондай-ақ орталыққа келушілер психологтарға сұрақтар қойып, тәуелділік мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері туралы біле алады. Бұл үшін «Науқастар мектебінде» білікті психолог, психиатр және нарколог-дәрігерлері қабылдау жүргізіп,түрлі профилактикалық шаралар аясында кеңестерін береді.
Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығы 465 орынға лайықталған. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер нашақорлық пен алкогольге тәуелді адамдардың түзу жолға түсуіне көмек қолын созады. Орталықта жалпы наркологиялық, психиатриялық, аутизмге шалдыққан балаларды емдеу, оңалту және жасырын емдеу бөлімшесі бар.