Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Құтқарушылар қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын ескертті

Қыстың келуімен мұз үстінде балық аулау маусымы басталады, бірақ бұл хобби қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді, деп жазады Paryz.kz.

Құтқарушылар қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын ескертті
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Су қоймаларында мұздың пайда болуы өзендерге қарағанда ерте жүреді, өйткені қозғалыссыз су айдындарында мұз тез қатады. Дегенмен, мұздың қалыңдығы мен беріктігі әртүрлі болуы мүмкін.

Мұздың қауіпсіздігі оның қалыңдығына байланысты:
• Бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы кемінде 7 см болуы тиіс.
• Адамдар жүретін өткелдер үшін – 15 см және одан көп.
• Автокөліктер үшін – кемінде 30 см.

Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қаракөзев Нұржан Нұрханұлы Шымкент қаласында мұз үстінен өтетін адамдар мен көліктерге арналған өткелдер жоқ екендігін баспасөз брифингінде атап өтті.

Балық аулауға шыққанда келесі ережелерді ескеріңіз:
1. Ауа райын бақылау: Желді ауа райы мен қараңғы уақытта су айдынына шықпаңыз.
2. Орныңызды хабарлау: Жақындарыңызға немесе 112 қызметіне өз орныңыз бен жоспарлаған маршрутыңыз туралы ескертіңіз.
3. Жағадан алысқа кетпеңіз: Жағаға жақын жерде балық аулаған қауіпсіз.
4. Құтқару құралдарын алыңыз: Құтқару кеудешесі, жіп және сигнал беретін құралдар міндетті түрде болуы тиіс.
5. Спиртті ішімдіктерден бас тартыңыз: Бұл әрекет қауіпті жағдай туындау ықтималдығын арттырады.

Мұзда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар, әсіресе құтқару құралдарынсыз мұзға шығатындар, автокөлікпен жүретіндер, мұз үстінде от жағып немесе қоқыс қалдыратындар Әкімшілік кодекстің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.