Амилай атымен танымал трансгендер қамауға алынды, деп жазады paryz.kz.
Бұл туралы Buzyq телеграм арнасы хабарлады.
Арна мәліметінше, Амилай ұсақ бұзақылық жасаған.
«Амилай 7 тәулікке қамауға алынды. Алматының әкімшілік соты оның 5 желтоқсанда MC Donerci-де ұсақ бұзақылық жасағанын мәлімдеді. Амилай әдепсіз сөздер айтқан. Трансгендер әрі блогер кінәсін мойындап, алдымен өзін қорлағанын атап өтті», — деп жазады Buzyq. Естеріңізге сала кетейік, Амилай осыған дейін әскерге шақырту алған болатын.