Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қыз зорлады деген Жанқош Тұраровтың әйелі күтпеген жазба жариялады

Бірнеше ай бұрын белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәліні жүйелі түрде зорлап келді деген күдікке ілінген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса желіде жазба жариялап, жұртты ойға салды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қыз зорлады деген Жанқош Тұраровтың әйелі күтпеген жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Боксшының әйелі Stories-тегі жазбасында өмірінде болып жатқан жағдайлар туралы ой қозғаған.

«Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққан соң жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Ойыма осы уақытқа дейін өз табысым болуы керек дегенді тіпті, кіргізбеген екенмін. Иә, жұмыс, тіршіліксіз отырған емеспін, бірақ оны тек хобби ретінде ғана көріппін. Әйел адамның өз табысы болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады екен, тірлік жасаймын деген әйелдерді тек қолдап отыру қаншалықты маңызды екенін ұқтым. Әйелдер, әсіресе ажырасқан келіншектер қалай мықты болып, тау қопарады деп таң қалатын едім, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін. Негізі адамға қандай сынақ келсе де өсу үшін келеді... Адам тығырыққа тірелгенде тек ұшып қана шығады емес пе?!» - деп жазды Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса.