Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте 56 шағын аудан кәріз жүйесімен қамтылмаған

Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекенді 2024 жылы толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте 56 шағын аудан кәріз жүйесімен қамтылмаған
Фото: Шымкент келбеті

Қазіргі таңда 80 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп көреткіш 99 пайызды құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Самат Мергенов айтты. 

- 2018 бекітілген жоспар бойынша, қала тұрғындарын ауыз сумен қамту 100 пайыз орындалуы тиіс еді. Қазіргі таңда Құрсай елді мекенінде жыл соңына дейін толық ауыз сумен қамтамасыз етеді. Яғни, Шымкент қаласы бойынша көрсеткіш 100 пайызға орындалады. Сонымен қатар, қала аумағының ұлғайып жатқанын ескере отырып қажет ететін аудандарда қосымша ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда,-дейді Самат Мергенов.

Ал, кәріз жүйесімен Шымкент қаласындағы елді-мекендер 60 пайызға қамтамасыз етілген. 

Яғни, 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған. Сонымен қатар, 2024 жылы 1 магистралды кәріз коллекторының және 5 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланыпты. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға өседі дейді мамандар.