Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте жазушы Нұрғали Рахайдың жаңа туындылары таныстырылды

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада белгілі жазушы Нұрғали Рахайдың «Жүрегім менің – Ұлы Елім...» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шымкентте жазушы Нұрғали Рахайдың жаңа туындылары таныстырылды

Іс-шара аясында автордың «Алмауыт» және «Уақыт бағбаны» атты қос кітабының тұсаукесері жасалып, оқырманға ұсынылды. 

Кешке Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Бекет Тұрғараев, Сайрам мен Ордабасы аудандарының өкілдері Әбдіғаппар Мырзалиев пен Барлыбай Қуандықов, сондай-ақ Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шараның мақсаты - көрнекті жазушының жаңа туындыларын оқырман қауымға таныстыру, шығармашылық жолындағы белестерін атап өту, оның әдебиеттегі өзектілігін талқылау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. 

Жазушының туындылары ұлттық құндылықтар мен адамзат болмысына терең үңіледі. «Алмауыт» романы – адамның ішкі жан дүниесі мен қоғам қайшылықтарын көркем түрде жеткізсе, «Уақыт бағбаны» уақыт пен өмірдің философиялық мәнін терең пайымдайтын туынды. 

Филология ғылымдарының кандидаты, кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова кешті салтанатты түрде ашып, жазушының әдебиеттегі орнына тоқталды. Кеш барысында Нұрғали Рахайдың немересі Құрбанғали Рахай жүрекжарды өлеңін оқыса, әнші, сазгер Айзада Бекенқызы әсерлі ән орындап, шараны көркемдеді. 

Кеш соңында Нұрғали Рахай өзінің алғысын білдіріп, кітапхана қорына жаңа туындыларын сыйға тартты. Шара жазушының шығармашылық мұрасын құрметтеуге, әдебиет сүйер қауымды біріктіруге арналған рухани кеш ретінде есте қалды.