Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте инфрақұрылымды дамыту: ауыз су, газ, электр және кәріз жүйелері жаңартылуда

Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, көрсеткіш 99%-ға жетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте инфрақұрылымды дамыту: ауыз су, газ, электр және кәріз жүйелері жаңартылуда
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қалған Құрсай елді мекенінде жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталып, қазір су қосу шаралары атқарылуда. Қаланың ұлғаюына байланысты жаңа аудандарда да ауыз су жүйелерін жүргізу жалғасады.

Қаладағы 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 2024 жылы 1 магистралды коллектор (Тұраннан КОС-қа дейін) және 5 ішкі орамдық жүйенің (Нұртас, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылысы жоспарланған. 
Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға дейін ұлғаймақ. 2025 жылға Айқап-Түркістан, Шым-Сити жобаларының құрылысы толық аяқталады.

81 елді мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. 2024 жылы Асар-2, Тұран 10 РП, Ақжар ҚС, Сайрам, Бозарық, Құрсай және Тұран шағын аудандарында 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Асар-2 және Бозарық шағын аудандарындағы жұмыстар 2024 жылы аяқталады, қалған 5 нысанның құрылысы 2025 жылы тәмамдалады.

Қаланың 55 елді мекені толық, 24-і жартылай, ал 2 елді мекен мүлдем газбен қамтылмаған. Қазіргі қамту деңгейі 96%-ды құрайды. 2024 жылы 12 нысанның құрылысы аяқталып, табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,4%-ға жетеді деп күтілуде.