Шымкент қаласы 2024 жылы экономикалық даму мен инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сәйкес қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 536,4 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артқан.
Оның ішінде:
• 129 млрд теңге – мемлекеттік бюджеттен,
• 407,4 млрд теңге – жекеменшік сектордан.
2024 жылы жалпы 813 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға жоғары көрсеткіш.
2024-2028 жылдары аралығында 2,7 трлн теңгені құрайтын 220 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 29,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Ағымдағы жылы жалпы құны 246,9 млрд теңге болатын 56 жоба жүзеге асырылады, нәтижесінде 6 011 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда осы жобалардың ішінен:
• 25 жоба іске қосылып, 2 943 жұмыс орны құрылды.
• Өңдеу өнеркәсібінде 360,7 млрд теңгеге 75 жоба жоспарланған, бұл салада 5,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
Қала басшылығының стратегиялық көзқарасы мен жаңа жобалардың жүзеге асырылуы Шымкентті еліміздің инвестициялық орталығы ретінде нығайтуда. Жаңадан ашылған жұмыс орындары мен инвестиция ауқымы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.