Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкент: өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсеткіштері талданды

Шымкент: өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсеткіштері талданды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент: өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсеткіштері талданды
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы 2024 жылға 7 негізгі нысаналы индикаторды орындауға кіріскен.
 
Ағымдағы жылдың 10 айындағы нәтижелер келесідей:

1. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі – 805,1 млрд теңгені құрады. Бұл жылдық жоспардың 97,6%-ын қамтиды (жоспар – 825 млрд теңге).
2. Мұнай-газ-химия өнімдері – 48,8 мың тонна өндірілді. Жылдық жоспар – 80 мың тонна.
3. Негізгі капиталға инвестициялар – 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті. Бұл жоспарланған 275,7% көрсеткішке сәйкес келеді.
4. Жаңа өндірістер ашу – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру бойынша 2024 жылы 1 жаңа жоба жүзеге асырылмақ.
5. Орта кәсіпкерлік үлесі – 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады. Жылдық жоспар – 10,5%. 2024 жылдың 3 тоқсанындағы деректер 20 желтоқсанда жарияланбақ.
6. Қаржылық қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері – 1021 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш жылдық жоспардан 4 есеге асып отыр (жоспар – 257 бірлік).
7. Цифрлық технологияларды пайдаланатын кәсіпорындар – Бұл көрсеткіштің статистикалық мәліметтері жылына бір рет қана жарияланады. 2024 жылға жоспар – 13,3%, нәтижелер 2025 жылдың мамырында белгілі болады.