Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте креативті шеберлер өз туындыларын таныстырды

Шымкент қаласында креативті индустрия өкілдерін қолдауға арналған ерекше іс-шаралар легі жалғасуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте креативті шеберлер өз туындыларын таныстырды
Фото: pixabay.com

2024 жылғы 7 желтоқсанда қала әкімдігінің туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы Креативті индустрия ассоциациясымен бірлесіп, «Shymkent City Mall» сауда ойын-сауық орталығының қолдауымен креативті жәрмеңке ұйымдастырды.

Бұл шара жергілікті шығармашылық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді. Жәрмеңкеге 20-ға жуық шебер мен қолөнерші қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше туындыларымен қуантты. Көрмеде зергерлік әшекейлер, тоқыма бұйымдары, киізден жасалған заттар және басқа да қолөнер шедеврлері ұсынылды.

Бұл жәрмеңке тек креативті индустрияны дамытуға ғана емес, сонымен қатар шеберлердің шығармашылығын насихаттауға, олардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды. Мұндай іс-шаралар креативті экономикаға жаңа серпін беріп, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Айта кетейік, креативті жәрмеңкенің жалғасы 2024 жылдың 14 желтоқсанында «Shymkent City Mall» орталығында өтетін болады.