Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада 1-топ мүгедектері әкімдікте шу шығарды (ВИДЕО)

Бәрінің базынасы бір – арбаға танылғандар мен қос жанарынан айрылған зағип жандардың жеке көмекшілерінің жалақысы ақпан айынан бастап екі есе қысқарыпты.

Қызылордада 1-топ мүгедектері әкімдікте шу шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қызылордада 1-топ мүгедектері облыс әкімдігіне жиналды. Елуден астам мүмкіндігі шектеулі жан аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалықоваға мұң-мұқтажын айтуға келді. Бәрінің базынасы бір – арбаға таңылғандар мен қос жанарынан айрылған зағип жандардың жеке көмекшілерінің жалақысы ақпан айынан бастап екі есе қысқарыпты, деп хабарлады paryz.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қимыл-қозғалысы қиын адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі бұрынғыдан да ауырлай түскені анық. І-топтағы мүгедектерге қарайтын жеке көмекшілердің жалақысы жыл басталғалы 80-нен 40 мыңға бір-ақ қысқарыпты. Енді еңбекақылары облыстық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізген есептеріне байланысты төленеді екен.

Тәулік бойы жарымжан жандардың қасынан табылатын көмекшілерге бүгінге дейін тәуліктің 8 сағатына ғана төленіп келген. Ал сенбі, жексенбі күндері мүлдем есепке алынбайды екен. Жауапты мамандар мұның барлығы бюджетті үнемдеу деп түсіндіріпті.

Жанайқайларын жеткізуге келгендерді облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова қабылдады. Бірақ жүздесу бәріне бұйырмады. Ішке тек 15 адамды кіргізді. Ал сыртта қалғандары жаурап қалды.

Бұл мәселеге жауаптылар мүгектердің серуені үшін жеке көмекшілерге төленбейтінін растады. Сағаттардың қысқаруы заң шеңберінде болды дейді мамандар.

"Еңбек министрінің бекітілген ережесі бар. Именно сол тізімде прогулка деген жоқ. Қазір министрлікпен жұмыс істеп, өзіміздің ұсыныстарымызды беріп жатырмыз", - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гауһар Қалмақова. 

Жаңа заң жобасын депутаттар осы наурыз айында қарамақ екен. Алайда басқарма басшысы ол жерде мүгедектердің серуені тізімге қосылатынын не қосылмайтынын дөп басып айта алмады. Ал облыс әкімі басқармаға жұмыс тобын құрып, мәселені егжей-тегжей қарауды тапсырыпты.