Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкент қаласының экологиялық қауіпсіздігін арттыратын жоба іске қосылмақ

Шаһар басшысы жаңа пилоттық жобамен танысып, бірқатар тапсырмалар берді деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шымкент қаласының экологиялық қауіпсіздігін арттыратын жоба іске қосылмақ
Фото одан скриншот

Шаһар басшысы қала аралау барысында Қаратау ауданында заманауи қоқыс жәшіктерін орнату бойынша пилоттық жобамен танысты. Үлкен сыйымдылыққа ие бұл жәшіктер аз орын алады және түбіндегі арнайы табан сұйықтықтардың ағуын болдырмайды. Бұл шешім қаланың экологиялық қауіпсіздігін арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әкім «Оңтүстік» индустриалық аймағында орналасхан «Sin Yuan Steel» ЖШС өндіріс кешенінде болды. Бұл кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылған, жылына 500 мың тоннаға дейін әртүрлі прокат өнімдері шығарылады. Компания алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, қосымша 80 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. «Polymettech» ЖШС-де қорғасын, мыс және басқа түсті металдар өндірісінің барысымен танысып, еңбек жағдайларын жақсарту мен экологиялық стандарты сақтау бойынша тапсырмалар берілді.

Тұран аудананда әкім «Буревестник» спорт кешени мен стадионның жағдайын тексерді. Жауапты тұлғалар мен аудан әкіміне кешеннің қасбетін жаңарту, айналасын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тапсырылды. Абай ауданында көше атаулары жазылған тақтайшаларды орнату жұмыстары қарастырылды. Жыл соңына дейін QR-кодпен 5000 тақтайша орнату жоспарланған.

Қала көшелерін жаяу аралау барысында әкім тазалық және инфрақұрылым бойынша бірқатар кемшіліктерді анықтап, оларды 10 күн ішінде жоюды міндеттеді.