Шымкент қаласының спортшылары бүгінгі таңда республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, 2144 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
• Қазақстан чемпионаттары: 668 алтын, 557 күміс, 669 қола медаль;
• Азия чемпионаттары: 68 алтын, 60 күміс, 39 қола медаль;
• Әлем чемпионаттары: 32 алтын, 25 күміс, 16 қола медаль.
Қаланың спорттық жетістіктерін қамтамасыз еткен кәсіби мамандар:
• 2 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы;
• 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
• 83 ҚР спорт шебері;
• 614 спорт шеберлігіне үміткер спортшылар.
Қазақстанның Ұлттық құрамасында Шымкенттен 1284 спортшы ел намысын қорғауда:
• Ересектер құрамасы – 423 спортшы;
• Жастар құрамасы – 461 спортшы;
• Жасөспірімдер құрамасы – 400 спортшы.
Қыркүйек айында Астана қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Шымкенттен 18 спортшы 10 спорт түрінен қатысып, 16 жүлделі орынға ие болды:
• 7 алтын;
• 5 күміс;
• 4 қола медаль.
Бокстан жастар арасында Санжар-Әли Бегалиев 75 келі салмақта жеңімпаз атанды.
• Дзюдодан жастар арасында Талғат Орынбасар қола жүлдеге ие болды.
• Тоғызқұмалақтан ересектер арасында Ғалымжан Темірбаев пен Салтанат Сапарбекова топ жарды.
• Мангала ойынынан Қуанышбекова Айгерім 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
• «Қазақстан барысы» турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров күміс жүлде иеленді.
Шымкент спортшыларының бұл жетістіктері қалада спорттың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеп, жас буынға үлгі болуда.