Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

 «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, келушілерге ыңғайлы жағдай жасау үшін толықтай жарықтандырылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда
Фото: Шымкент Келбеті

Ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүруде. Қазіргі таңда А, А1, Б, Б1, К корпустарында жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жөндеу жұмыстар барысын көріп, корустарды аралап шықты. 

Жалпы ауруханаға қарасты аумақтың 9500 шаршы метрі асфальтталды. Ауруханаға келушілер үшін шатырмен қоршалған және жаяу жүргіншілер жолының жиегіне орындықтар орнатылды. Сондай-ақ 51 дана қоқыс урналары және 14 дана қоқыс контейнері қойылып, 1824 тонна қоқыс шығарылды.

Қалалық клиникалық аурухананың аумағын толық жарықтандыру үшін 10 жарықдиодты прожектор орнатылды, аумақты жарықтандыруға арналған 60 энергия үнемдейтін шам ауыстырылды. 

Айта кетейік, №1 қалалық клиникалық ауруханасы жедел медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші ауруханалардың бірі. Медициналық ұйым хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапевтік профильдер бойынша тәулік бойы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін көп бейінді аурухана болып табылады.