Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шайн мускат жүзімін алған надандарға түйенің құмалағын да сатып жіберуге болады – Экс-шенеунік

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары әрі баспагер Шыңғыс Мұқан желіде тренд болған шайн мускат жүзімі туралы ойын айтты, деп хабарлайды paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Шайн мускат жүзімін алған надандарға түйенің құмалағын да сатып жіберуге болады – Экс-шенеунік
Коллаж: Sn.kz

Ол маркетингтің құрбаны болып, оны сатып алып жатқан адамдарды надандарға теңеді. Баспагер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қазір шайн мускат болмаса Дубайдың шоколады хит болып жатыр, неге хит болып жатыр? Себебі, маркетингтің күші. Маркетингпен тіпті б… ты да жылтырақ қағазға орап, түйенің құмалағын сатып жіберуге болады. Ал, оны сатып алатын адамдар кімдер? Олар надандар. Надан адам, кітап оқымайтын адам, мұнда сыни пайым деген көп дамымаған. Ақпаратты қалай бар, солай қабылдайды.

Бір-бір хайп болса, соның ізіне ереді. Маркетинг бұл балық аулайтын тор. Торға түсіп қалған адамдардың барлығы «Шайн мускат деген жақсы екен» дейді. Барлық жерде сатылып тұр, ананы адам жейтін нәрсе емес шыны керек. Ойыншық сияқты, ол және өмірі шірімейді. Таза нәрсе ол, жүзім болсын, басқа болсын, шіру керек қой екі-үш күндікте», — деді баспагер.