Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Медаль алмаса да үш көлік мінді»: Абиба Әбужақынова өзіне тағылған сынға жауап берді

Дзюдодан Париж Олимпиадасында медаль ала алмай қалған Абиба Әбужақынова елге келгеннен кейін өзіне жасалған сыйлықтардан соң қоғам тарапынан сынға ұшырағанын айтып, көпшілікке қарата жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Медаль алмаса да үш көлік мінді»: Абиба Әбужақынова өзіне тағылған сынға жауап берді
фото: видеодан скриншот

Дзюдошы YouTube желісінде Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында осы туралы ой қозғады. Айтуынша, өзіне медаль әкелмесе де сыға үш көлік алғанын айтатындар көп болған.

«Сыйлықты маған ол адамдар (ред. – сынағандар) берген жоқ. Олар алып көрген жоқ. Сол үшін көреалмаушылық деп қабылдаймын. Өз басым біреу не алса да қуанамын. Маған кімге не сыйлық жасағаны қызық емес. Маған бір көлігіңді анаған, біреуін мынаған бер деп жазғандар болды. Сен неге бәрін аласың деп жазғандар болды. Сыйлықтар ол адамдардан жиналған ақшаға берілген жоқ. Қор ашып, халықтан ақша жинап, көлік алып берген жоқ. Олар – жеке кәсіпкерлер, жеке қалталарынан беріп жатыр. Менің күресім оларға ұнаған, оған дейін де жанкүйер болған. Үш көліктің біреуін Атырау облысындағы жеке компания берді, әкім сыйлаған жоқ. Екіншісін өзімнің «Жеңіс» клубым сыйлады, мен ол жақта капитанмын. Ал үшіншісін, яғни ең алғашқысын бір депутат берді», - дейді Абиба Әбужақынова.

Айта кетейік, отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдесі үшін таласта 18 жастағы швециялық Тара Бабулфаттан ұтылып қалған болатын.