Танымал қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", – деді Әсел Сәдуақасова.
Айта кетейік, актриса өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді азаматқа 2023 жылы тұрмысқа шыққан еді.