Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ғ.Сыздықбеков қаладағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы болуын бақылауда ұстауда

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында Еңбекші ауданындағы Тіленшин және Момынов көшелерінде салынып жатқан теміржол өткелінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ғ.Сыздықбеков қаладағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы болуын бақылауда ұстауда
Фото: видеодан кадр

Аталған нысандар теміржолды қауіпсіз кесіп өтуге және көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бағамдаған қала әкімі мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Абай ауданында «Алаш» базарын жаңғырту жұмысының барысын да тексерді. Бұл базарды жаңғыртудағы негізгі мақсат – сатып алушылар мен сатушылар үшін қолайлы жағдай жасау, сауда нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шаһар басшысы базар басшылығымен және кәсіпкерлермен кездесуде ашық, адал жұмыс істеу мен салықтарды уақытылы төлеудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданында көгалдандыру, абаттандыру және көшелерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылады. Сондай-ақ Әйтеке би, А.Иманов, Ә.Жангелдин, Түркістан көшелері, Қонаев даңғылы, Ш.Қалдаяқов атындағы саябақ пен Әл-Фараби алаңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Барлық жұмыстармен танысқан қала басшысы тиісті басқарма мен аудан әкімдеріне көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды күтіп ұстау бойынша нақты тапсырма берді. Ол қала жылдың кез-келген мезгілінде таза болуға тиіс екендігін міндеттеді.