Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетілетін қызмет түрлері және мерзімдерін жариялады

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аудандық басқармалары тұрғындарға бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетілетін қызмет түрлері және мерзімдерін жариялады
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Барлық қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн түрде алуға болады.

Көрсетілетін қызмет түрлері және мерзімдері:
1. Эпидемиялық мәні жоғары объектілердің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
- Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.
2. Жаңа өнім түрлері мен нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
- Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
3. Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және реестр жүргізу
- Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.
4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымшаларды беру
- Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық маман сертификатын беру
- Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
6. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері бойынша лицензия беру
- Қызмет көрсету 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді.
- Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

2014 жылға дейін алынған лицензиялар жарамсыз болып есептеледі. Бұл Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметті қалай алуға болады?

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет. 
Қызмет алушы қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырып, нәтижесін жеке кабинетінде көре алады.