Танымал блогер, әзілкеш Мереке Қалбаева Меккеге, кіші қажылыққа барып, хиджабтағы қыздар жайлы әңгіме қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Блогер бұл жөнінде өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Менің ең жаман әдетім жаман сөз айту, ерегесу, қырылысу. Сол үшін де әлі орамал тақпаймын. Сырты бүтін, іші түтін қатын болғым келмейді. Ондайлар менсіз де көп қой. Жаман әдеттен арылу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Бірден өзгермесем де, уақыт өте келе нәтиже боларына сенемін», — деп жазды блогер.