Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шығыс Қазақстан облысында 200-ге жуық адам жеке куәліксіз жүрген

Ал 11 адам ҚР азаматы болмай шықты.

Шығыс Қазақстан облысында 200-ге жуық адам жеке куәліксіз жүрген
фото: ашық дереккөз

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жеке куәлігі жоқ 186 адам анықталды. Оның ішінде 100-ден астам азамат 1974 жылғы үлгідегі паспортпен, ал 68 тұрғын Туу туралы куәлікпен тұрып келген. Ал 11 адам ҚР азаматы болмай шықты, деп хабарлады paryz.kz.

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті мен Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы 2020 жылдың қыркүйегінде ел аумағында құжатсыз (бұрынғы КСРО паспортын уақытында ауыстырмаған, әлі Туу туралы куәліктермен жүрген 18 жастан асқандар) тұрып жатқан адамдарды құжаттандыру бойынша арнайы акция бастаған болатын. Осы акция аясында 161 адамға құжат жасалып берілді.

"Акция 2021 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылғанын ескертеміз. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұрғындарға аумақтық органдардың көші-қон қызметтеріне жүгінуін сұраймыз", - делінген хабарламада.