Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақтөбе ветеринарлары қаңғыбас иттерді өртеп жатыр (ВИДЕО)

Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері ит өртейтін орталыққа шаң жуытпай отыр...

Ақтөбе ветеринарлары қаңғыбас иттерді өртеп жатыр (ВИДЕО)

Ақтөбелік ветеринарлардың қаңғыбас иттерді өртеп жатқаны жұрттың ашуын туғызды. Ит аулаушылар ұсталған үй жануарларын пешке салып, жағып жібереді екен, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Не істеп жатырсыңдар? Ит атуға тыйым салған. Қараңдар, иттердің өлексесін өртеп жатыр. 4 наурыз, 2021 жыл. Паналайтын жерде, міне, иттерді қалай өшіктіріп жатыр", - деп айқайлады видео авторы.

Бұл видеоны "ЗООмама" қоғамдық бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева түсірген. Онда қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, асыл тұқымды төбеттерді де пешке жаққаны анық көрінеді. Тіпті, қарғыбауымен жатқан иттер де бар.

Бұл орталықта көшеден ауланған хайуанаттар қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс. Алайда олар мақұлықтарды өлтіріп, өртеп отырған дейді белсенділер. Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері ит өртейтін орталыққа шаң жуытпай отыр. Айтуларынша, қаңғыбас иттерді осында 20 күнге дейін ұстайды екен. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жіберетін көрінеді.

"Үш иттің өлексесін біз көшеден әкелдік. Олардың өз қожайындары арыз жазды. Бізге күнде-күнде түседі арыз. Сол үш ит келісіммен атылды. 20 күннен астам уақыт ұстадық. Күшіктер инфекциялық аурумен ауырған", - дейді Ақтөбе қалалық ветеринария станциясы директорының орынбасары Галий Шагалин.