Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар 24 мың шақырым жол жаңартылады

2025 жылға дейін республикалық маңызы бар 24 мың шақырым жол жаңартылады, деді бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Қазақстанда 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар 24 мың шақырым жол жаңартылады
сурет https://alau.kz/ сайтынан алынды

Оның айтуынша, көлік-логистикалық кешенді дамыту да өзекті мәселе болып қала береді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру табыс болды. Ол елорданы еліміздің өңірлерімен сәуле принципімен жалғауға мүмкіндік жасады. Көлік жүйесінің жаңа сұлбасы қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздермен интеграциясы қамтамасыз етілді. Қазақстанның Азия мен Батыс арасын жалғаушы буын ретіндегі тарихи мәртбесі қалпына келтірілді», - деді Қазақстан Президенті.

Бүгінде бұл саладағы бәсекелестік жоғары, Орталық Азия өңірінде балама жобалар пайда болды. Олар Қазақстанның транзиттік әлеуетін төмендетуі мүмкін. Президенттің сөзінше, «Нұрлы жолдың» екінші кезеңі еліміздің көлік-транзит саласындағы көшбасшы мәртбесін нығайта түсуі тиіс.

«Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі үдемелі инфрақұрылымдық жобалар, жаңа елдер мен компаниялар тарту, транзиттік бағдарламалардың сервисі мен жылдамдығы есебінен арта түсуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.