Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында Түркияда тұрып жатқан әнші, экс-депутат Бекболат Тілеуханды сыйлайтынын, хабарласып тұратынын айтты.
«Осы Парламентте ұлттық мүддені қашан, кім айтады екен дегенде Бекболат аға жалғыз қозғады ғой. Бәріміз осындай бір адам шықты деп Аллаға шүкір дедік. ЛГБТ-ны да қозғаған сол кісі. Ұлт, болашақ жайында жалғыз өзі шырылдады. Ал осындай адамдарды қаралап көрсететіндер сыртқы күштер. Мен Бекболат ағаны аға ретінде ерекше құрметтеймін. Мұхамеджан ағаны да аға деп сыйлаймын», - деді депутат.
Сондай-ақ Ардақ Назаров Бекболат Тілеуханмен хабарласып тұратынын жасырмады.
«Бекболат ағамен амандасып тұрамыз, кейде жұма намазда, той томалақта амандасып, құттықтап тұратын кез болады», - деді ол.