Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда ер кісі жиен немересін тепкілеп тастады (ВИДЕО)

Видеода ол денесінен қан ағып жатқанын және темірге қатты соғылғанын айтады. Болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалмас үшін видео авторы телефонды жасырып, басқа бөлмеге бірнеше рет барады...

Алматыда ер кісі жиен немересін тепкілеп тастады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда егде жастағы ер адам мектепте оқитын жиен немересін ұрып-соққан. Болған жағдайдың видеосы әлеуметтік желіге жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео кадрынан қарияның төсекте жатқан баланы аяғымен теуіп, ұрып-соққанын көруге болады. Кішкентай баланың бетін қолымен жауып, жанұшыра көмекке адам шақырғаны көрінеді. Бірақ, ер адам ұрып-соғуын сонда да жалғастырады. Олардан бөлек, жандарында жасөспірім мен кішкентай бала бар.

Сондай-ақ, жанжалға әйел араласып, айғайламауды бұйырып жатқаны естіледі. Алайда кішкене бала жылауын тоқтатпай, жедел жәрдем шақыруды өтінеді. Видеода ол денесінен қан ағып жатқанын және темірге қатты соғылғанын айтады. Болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалмас үшін видео авторы телефонды жасырып, басқа бөлмеге бірнеше рет барады.

Видео Дина Таңсәрінің Facebook-тегі парақшасына жарияланды. Алматы қалалық Полиция департаменті оқиға 15 ақпанда Түркісіб ауданында болғанын хабарлады. Тек 6 наурызда құқық қорғау органдарына баланың 32 жастағы анасы арыз түсірген. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, әйел ажырасқаннан кейін 3 баласымен ата-анасының үйінде тұрған.  

"Ол өзінің әкесі 2011 жылғы, кәмелетке толмаған ұлын ұрғанын айтты. Әйелдің ата-анасымен жанжалдасып қалғаны белгілі болды. Мекенжайға жедел-тергеу тобы: аудандық учаскелік инспекторлар және ювеналды полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары барды. Ер адамның қалалық наркология диспансерінде мәжбүрлі емдеуден өтіп жүргені анықталды", - деп хабарлады Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұрып-соғу дерегі бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК 73-2-бабының 1-бөлігі ("Ұрып-соғу немесе тән ауруына әкеп соққан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтірмейтін өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау") бойынша материалдар жиналды. Сондай-ақ балаға келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Оның нәтижелері бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Жиналған материалдар Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды. Жақын арада сот құқықбұзушыға қатысты шешім қабылдайды. Қазіргі уақытта әйел Алматы облысындағы туыстарымен бірге тұрады", - деді Салтанат Әзірбек.