8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады. Ол кінәсін мойындаған.
Қарағанды облысында ауыл азаматы сүйіктісіне сыйлық жасау үшін өзі қызмет атқаратын мекемеден 200 мың теңгеден астам ақша ұрлаған, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 ақпан күні Қарағанды облысының Шет аудандық полиция бөліміне аудандағы мекемелердің бірінен ақша ұрланды деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Алдын ала тергеу кезінде белгісіз біреудің құлыпты сындырып, кассадан 225 мың теңге ұрлағаны белгілі болды. Ұрлық оқиғасы 14 ақпанға қараған түні болған.
Полиция қызметкерлері ұрлық болған күні мекемедегі бейнекамералардың өшірулі болғанын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады. Ол кінәсін мойындаған.
Тергеу барысында күдіктінің сол жерде күзетші болып істейтіні анықталды. Күдікті өзінің жұмыс кестесінің ақпан айының 14 ақпанға қараған күнге келгенін пайдаланып, сүйіктісіне "ғашықтар күніне" сыйлық жасау үшін ұрлыққа барғанын айтқан. Сол күні ол мекемедегі бейнебақылау камераларын сөндіріп, ұрлық жасаған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.