Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Жинағын алуға келген Бердіоңғаровты Отбасы банкі "иттей қылып" жіберген (ВИДЕО)

Енді келіп өтініш толтырайын десе, оператор әйел "ЭЦП-ыңызды әкеліңіз" деп дүрсе қоя беріпті...

фото: видеодан скриншот

Тәңірберген Бердіоңғаров тамыр-таныссыз, Қазақстандағы кәдімгі жай адам сияқты зейнетақы жинағын алып көрейін деп Отбасы банкіне кіріп көріпті, деп жазды paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Тәңірбергеннің камера ұстап кіргенін байқаған күзетші жетіп келді. "Қазір СБ келеді" деп шошытпақ болды. Сосын екі сағат кезекте отыру керек екен.

Енді келіп өтініш толтырайын десе, оператор әйел "ЭЦП-ыңызды әкеліңіз" деп дүрсе қоя беріпті.

Блогер анықтағандай, Қазақстанда халықтың өз ақшасын алып, оны өз қалауынша оңды-солды жұмсайтын құқығы жоқ екен. Отбасы банк жинағын алып алған адамның ақшасын қалай жұмсағанын тексереді.

Сөз соңында Тәңірберген "біздің елге Отбасы банк деген құрылым керек емес" деген тұжырымға келеді. Бірақ Отбасы банкті "ойлап тауып", құрғандар, соған орналасып, жайғасып алған қулар бұған көнбес-ау...