Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Барлығы жазаланса екен»: Шерзаттың отбасы Тоқаевтан көмек сұрады

Талғардағы қанды қылмыстың құрбаны Шерзат Болаттың қырық күндігі өтті. Осы тұста марқұмның туыстары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, — деп хабарлайды Paryz.kz.

«Барлығы жазаланса екен»: Шерзаттың отбасы Тоқаевтан көмек сұрады
фото: видеодан скриншот

Үндеуді блогер, журналист Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оған себеп бұл істің әділ өтпеуі мүмкін деген күдік.

«Ешқашан, ешқандай жауыз соғыстың кезінде де баласын анасының көзінше өлтірмеген. Абзал деген жауыз шімірікпей отыр. Ең болмағанда өзінің кінәсін мойындаса ғой. Ол да жоқ», — деді Шерзаттың әжесі. 

Анасының айтуынша, Шерзаттың өліміне күдікті дегендер бұған дейін де істі болған.

«Нұрқияс деген жігіттің үстінен осыған дейін де 7-8 іс қозғалып, үш адамның өліміне, төрт адамның мүгедек болып қалуына себепші болған. Осыдан кейін Абзал, Нұрқияс дегендер жазадан сытылып кете ме деп қорқамын», — деді анасы. Шерзаттыңң әпкесі бұл іске қатысы барлардың барлығы жазасын алсын деп отыр. «Ешкім жазасыз қалмасын. Куәгер деген қыздар да жазалансын. Олар куәгер емес. Куәгер Шерзаттың анасы, куәгер Шерзаттың әкесі. Ол қыздар куәгер емес», — деді ол.