Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Ата-бабам үшін тамақ ішіп жүрмін»: Артық салмақтан арыла алмай жүрген қыз семіздігінің себебін айтты

TikTok желісінде Гүлнар Серікбай өзінің артық салмақтан не үшін арыла алмай жүргенін айтты, — деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Ата-бабам үшін тамақ ішіп жүрмін»: Артық салмақтан арыла алмай жүрген қыз семіздігінің себебін айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Мен өзімнің бақилық болып кеткен ата-бабаларым үшін тамақ жейді екенмін. Мен арықтау үшін біраз әдісті қолданып көрдім. Ешқайсысы көмектеспеген соң психологқа бардым. Сол кезде психолог менің ата-бабам үшін тамақ жеп жүргенімді айтты. Ол қалай дегенімде, ата-бабаң ашаршылық кезінде аштықтан өлген, сол саған қан арқылы өткен, дейді. Сол үшін де сен бұрынғы ата-бабам тойсын, аш қалмасын деп көп тамақ ішесің, дейді. Оның бір ғана шешімі бар. Ол жеп жатқан тамағыңның жартысын ата-бабаңа қалдырып, өзің тек жарты бөлігін ғана жеу дейді», — деді бойжеткен.

Желі қолданушыларының бірі бұл сөзін қолдаса, енді бірі миға сыймайтынын жарыса жазды.

«Ата-бабаларымыз үшін тамақ жеп жүргендер біргеміз», «Тамақты аз же деп тіке айта алмаған ғой», «Психологтың сөзін дұрыс түсіну керек», «Жанат Бақыт айтқан жоқ па?», «Сізді алдап қойған сияқты», «Психологтарды қайта оқыту керек шығар», — деп жазды олар.