Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әйелі қатерлі ісіктен қайтыс болған: маскадағы жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлады

Маскадағы беймәлім жігіт кезекті рет қайырымдылығымен көзге түсіп, жалғызбасты әкеге пәтер мен еміне қажет қаражат берді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Әйелі қатерлі ісіктен қайтыс болған: маскадағы жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлады
фото: видеодан скриншот

Тұрысбек – екі баласы бар жалғызбасты әке. Әйелі жақында қатерлі ісік ауруынан көз жұмды. Өзі – lll топ мүгедегі. Жалдамалы пәтерде күн көреді.

«Мен – жалғызбасты әкемін. Екі балам бар. Әйелім жуырда қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Жол апатынан кейін бас сүйегіме 20 пайыз пластина қойылған. Аяғым сынған. Қоқыс шығарып, сонымен жан бағып отырмын. Ал балаларым тігін цехында жұмыс істеп жүреді. Қазір жалдамалы пәтерде күн көріп жүрміз», - дейді жалғызбасты әке.

Ол өз сөзінде қайтыс болған әйелі туралы айтып өтті. 

«Түркияда ота жасалып, екі кеудесін де алып тастады. Сол жаққа алып барамын деп қарызға кіріп кеттім. Бірақ бұл оған көмектескен жоқ. Оны қаншалықты қатты жақсы көргенімді сезініп жүрмін. Әйелім жоқ үйіміз қап-қараңғы түнек сияқты», - деп көзіне жас алды Тұрысбек есімді ер адам. 

Маскадағы жігіт өмірдің тауқіметіне ұшыраған әкеге еміне қажет ақша берді. Беймәлім жігіт бұл ақша Умра қажылығын өтеуге, өз кәсібін ашуға жеткілікті екенін айтты. Сол сияқты ең бастысы жаңа пәтердің кілтін табыстады.