Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Жыламашы, құлыным»: түрмеден шыққан атасының немересімен қауышуы жұртты тебірентті

Атасы мен немересінің қауышқан сәті әлеуметтік желіде көп жағымды пікір жинады, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жыламашы, құлыным»: түрмеден шыққан атасының немересімен қауышуы жұртты тебірентті
фото: видеодан скриншот

Қостанай облысында сот Қарабалық ауданының тұрғынын кінәлі деп танығаны кеше хабарланған еді.

Қостанай облысының тұрғыны патрульдік полицияның екі қызметкеріне қарсылық көрсетіп, "өз көлігімен оларға әдейі шабуыл жасады" деген айып бойынша сотталған. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспеген, бірақ сот оның жасы мен денсаулығын жеңілдететін жағдай ретінде қарастырған. 

– Сот талқылауы барысында белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот сотталушыға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілеп, 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, – деп хабарлады сотта.

Сондай-ақ, сот оны зардап шеккен полицейлердің әрқайсысына 500 000 теңгеден моральдық залал төлеуге міндеттеген. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Сот үкімі шықпас бұрын сотталушының қызы президентке әлеуметтік желі арқылы жүгінген болатын. 

Оның айтуынша, 2024 жылы сәуірде полицияның екі қызметкері ІІБ ғимаратына жақын маңда “көлігіңді дұрыс қоймадың” деп сотталушымен кикілжіңге келген. Дау содан туған. Қызының айтуынша, автокөлік тұрған периметр көлікті дұрыс қоймайтын орынға жатпайды. Сол арқылы полиция қызметкерлерінің “әкеме еш уәжі болмауы керек еді” дейді ол. 

Әлеуметтік желіде төрт жарым ай бойы уақытша оқшаулағышта отырған азаматтың үйіне келіп, немересімен қауышқан сәтін қызы әлеуметтік желіге жариялады. Екеуі көз жасына еріп беріп, атасы немересін “жыламашы, құлыным” деп жұбатады. Видеоны көрген оқырмандар жағымды пікір қалдырып жатыр.