Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туатын аналарды сынады

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде танымал отандық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туып, жүйкесі жұқарып жүретін аналарды сынады.

Танымал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев көп бала туатын аналарды сынады
фото: әлеуметтік желіден

Маман қазір баланың санына емес, сапасына мән беретін уақыт. Бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, 10-15 жыл бойы сонда қалатын әйелдер бар. Бес-алты баланы бірінен кейін бірін туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Әрине, Қазақстанның демографиясының артуын қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, жүйке жүйеңіз тозып, миыңыз ашып, психикаңыз бұзылатын болса, ашулы болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, күнделікті айқай-шу, ұрып-соғатын болсаңыз, күйеуіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл алты баланың, өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз. Одан да үш бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын, - дейді ол.

Психологтың айтуынша, көп бала дүниеге әкелген ата-аналар үйінің кенжесіне ғана махаббатын, қамқорлығын көрсетеді, ал басқа балалар мұның бәрінен жұрдай қалады.

Әр баладан кейін қалпыңызға келіп алыңыз, демалып, өзіңізге келіп алыңыз, миыңызды жинақтап алыңыз. Келесі баланы саналы түрде жоспарлап, дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде үш-ақ бала туарсыз, бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өседі. Ал бізде 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді, - деді психолог.