Танымал режиссер Ермек Тұрсынов қазақ жастарына продюсер Нұрлан Қоянбаевтың киносына бармауға кеңес береді. Бұл туралы режиссер Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Кейбіреулер сен неге қазаққа тіл тигізесің дейді. Кімге енді тіл тігізуім керек? Орысқа ма, неміске ме? Өзім қазақ болғаннан кейін, әрине, қазаққа тіл тигізесің. Сен неге жалқаусың? Сен неге надансың? Неге сонша құдайшыл болып кеттің, аяқ астынан… Ешқашан ондай болмаған, мен де ауылда өстім.
Дастарханның басында ешқашан молда отырмаған, ақсақалдар, үлкендер отыратын. Той болса да, өлім-жітім болса да, ақсақал бастайды да, ақсақал бітіреді. Соңғы сөз ақсақалға беріледі. Еліктемеңдер, жынды болмаңдар, тобыр болмаңдар, кітап оқыңдар. Дұрыс кітап оқыңдар, дұрыс кино көріңдер.
Бармаңдар Қоянбаевтың киноларына деп қанша жылдан бері айтып келе жатырмын, бірақ мені тыңдайтын адам жоқ қой», – деді Тұрсынов.