Нақты жауап 14 наурызда жарияланбақ.
Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлаған. Айтуларынша, қазір Алматы әуежайы қызмет тарифтерін екі есе өсіруді көздеп отыр. Бұл ұшақтары сонда ұшып-қонатын әуе компанияларына қосымша шығын. Сол үшін билет бағасын өсіру мәселесін қазір Азаматтық авиация комитеті қарастырып жатыр. Нақты жауап 14 наурызда жарияланбақ.