Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Шерзат Полаттың өлімі: полиция 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған

Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына қатысты Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шерзат Полаттың өлімі: полиция 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы ішкі істер министрінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

«Талғар қаласында болған Ш.Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп, тергеп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жүр», - делінген жауапта.

Қазір сот санкциясымен қасақана кісі өлтірді деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынған.

«Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жердегі басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», - деп атап өтті ІІМ.