Әнші Сиви Махмуди желіде іздеу жаияланған бұрынғы күйеуіне қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды Paryz.kz.
"Соңғы жаңалықты естідіңіздер ме? Өзім де таңғалып отырмын. Мен бұрынғы күйеуіммен 2017 жылы ажырасып кеткенмін, бірақ 2020 жылы толық ажырастық, содан кейін кездескен де, сөйлескен де емеспіз. Құрметті БАҚ өкілдері, барлық жерде менің есімімді қалай қолдануға болады? Өкінішке қарай, ол менсіз ешкім емес болғаны ғой… Барлық жерде Сивидің бұрынғы кұйеуі деп жазылған, менің атымды атамаса болмас па еді", - деп жазды ол.