Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Михаил Ломтадзе: Егер біз болмасақ, нарықта жергілікті бизнес емес, шетелдік сауда алаңдары мен сатушылар болар еді

Алматыда Kursiv Ecosistems Forum өтуде. Бірінші талқылау экожүйелерге арналды. Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тіңҚазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Михаил Ломтадзе: Егер біз болмасақ, нарықта жергілікті бизнес емес, шетелдік сауда алаңдары мен сатушылар болар еді
Фото:kaspi.kz

«Біз істеп жатқан барлық нәрсе, мүмкіндіктер мен технологиялар болмаса не болатынын елестетіп көріңізші», - деп жауап берді Михаил Ломтадзе жүргізушінің сұрағына, - Бұл үлкен инвестиция. Қызметтерді әзірлеу, дизайн және қолдау бізге жылына шамамен 200 миллион долларға түседі. Біз серіктестерге осындай қызметтерді әзірлеп, ұсынамыз. Біздің маркетплейсіміз болмағанын елестетіпкөріңізші.Онда бұл жерде тек шетелдік алаңдар мен шетелдік сатушылар ғана дамып, біздің ШОБ оларменбәсекеге түсе алмас еді. 

Әрине, жақсартуға әрқашан мүмкіндік бар. Бізтұтынушылар тәжірибесін үнемі жетілдіреміз, жеткізудідамытамыз, бізде өсуге мүмкіндік бар. Осының арқасындасеріктестеріміз бүкіл ел бойынша сауда жасай алады, біздіңбарлық ұсыныстарымызды пайдалана алады - кассаданбастап салықтарды, кредитті төлеуге дейін, біз жақындабизнес үшін депозитті іске қостық. Біз үнемі технологияғаинвестиция саламыз. Сондықтан жауап: егер біз ол жердеболмасақ, нарықта жергілікті бизнес емес, шетелдік алаңдар мен сатушылар болар еді».