Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шымкенттен Астанаға жолға шыққан жүкті әйел пойызда босанып қалды

Жүктілігінің соңғы айында Шымкенттен Астанаға күйеуімен бірге жолға шыққан әйел пойызда босанып, қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы ҚТЖ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттен Астанаға жолға шыққан жүкті әйел пойызда босанып қалды
Фото: Pixabay

21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 "Шымкент-Астана" пойызында әйелдің толғағы басталған.

Сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұраған. Пойыз бастығы Қаракулова Гүлшат пен жолсерік Адамбаева Анара жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті.

Нәтижесінде, 21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді. Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.