Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт шұғыл көмек сұрады

Танымал журналист Дана Нұржігіт жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін әлдекімдер ұлына қоқын-лоққы көрсеткен пікір қалдырғанын айтты.

«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт шұғыл көмек сұрады
фото: әлеуметтік желіден

Журналистің айтуынша, жақында жарияланғанның сұхбаттың астына аты-жөні белгісіз адам «жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп пікір қалдырған.

Дана Нұржігіт бұл жағдай үшін қатты алаңдаулы әрі көмек сұрайтынын жеткізді.

«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғыз басты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!», — деп жазды Дана Нұржігіт.