Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қолын байлап, алып келіңдер»: Жанар Айжанова Талғардағы атышулы Хасан туралы айтты

Әнші Жанар Айжанова Талғардағы атышулы Хасан деген адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қолын байлап, алып келіңдер»: Жанар Айжанова Талғардағы атышулы Хасан туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі Хасан есімді адамды мүлде танымайтынын атап өтті.

“Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды, интервью беріп сайрап отыр ғой, “жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын” деп, егер шын ақиқатты білетін болсаңдар, барып қол-аяғын байлап әкеліңдерші менің аяғыма.

Айтатынымды оған да айтам. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазаның маған не қатысы бар. Сендер айтқаннан кейін біліп жатырмын оның Хасан екенін. Бір томпиған бала артымда тұр. Ол қай жылы түкен сурет, қай жерде түсірілген, қасында тағы басқа да әншілер тұр. Алып келіңдер , мен Талғарға жақын жерде тұрам, қашық емес. Қолын байлап әкеліңдерші, көрейік сосын кімнің кім екені”, - дейді әнші.

Айта кетейік, бір күн бұрын блогер Жан Ахмадиев әншіден Хасан туралы сұраған сәтте Жанар Айжанова ат-тонын ала қашты.

"Мен ондайда айтпаймын. Менің шаруам жоқ саясатта. Аулақ жүріңдерші", - деді дәстүрлі әнші. .