Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтауда әйелін қорқытпақ болған ер адам балконда ілініп тұрды (ВИДЕО)

Оқиға куәгерлері Ақтау тұрғынының бұл әрекеті қайғыға ұласпағанына қуанып жатты.

Ақтауда әйелін қорқытпақ болған ер адам балконда ілініп тұрды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ішкиіммен балконда асылып тұрған ақтаулық ер-азамат түсірілген видео таралды, деп хабарлады paryz.kz, "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Видеода балконда асылып тұрған азаматты бірнеше адам қолынан тартып, кері көтеріп алғаны байқалады. Оқиға куәгерлері Ақтау тұрғынының бұл әрекеті қайғыға ұласпағанына қуанып жатты. 

Маңғыстау облыстық ПД өкілдері ер-азаматтың мас болғанын айтады. Әйелімен болған жанжалдан кейін ол осындай қадамға барған. 

"Ер азамат әйелімен сөзге келіспегендіктен, көпқабатты үйден секірмекші болған. Полицейлер ерлі-зайыптыларды бөлімшеге жеткізді. Ер-азамат осылайша әйелін қорқытпақшы болғанын айтты. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді полицейлер.